Қарағанды 16:25 Екінті
  • 06:06 Таң
  • 07:30 Күн
  • 12:58 Бесін
  • 16:25 Екінті
  • 18:14 Шам
  • 19:38 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Микаил періштенің міндеттері

Бұл періштенің аты Құранда бір аятта ғана айтылған: «Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейіл, Микаилға, дұшпан болса, әлбетте Алла кәпірлерге дұшпан».[1]

Микаил періштеге Әһли кітап иелерінің де сенгендігін көруге болады. Бірде пайғамбарымыз (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) Мәдина қаласына көшкен кезде Фәдак яһудилерінен Абдуллаһ ибн Сурия қасына бірнеше кісі ертіп келіп пайғамбарымыздан «Саған қай періште келеді?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) «Жәбірейіл» дегенде, «Егер де уаһиды Микаил періште әкелгенде біз иман етер едік» деген күйі бұрылып кете барған. Олар Жәбірейілді, тек жамандық пен шайқас алып келуші деп, ал Микаилды молшылық пен берекет алып келуші періште деп сенетін еді.[2]Алайда, Жәбірейіл де, Микаил де – Алланың елшілері. Бұл періштелердің қай-қайсысы да Алланың әмірін мүлтіксіз орындайды.

Алла Тағала Микаил періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалау міндетін жүктеген. Микаил періштенің көмекшілері де жоқ емес. Олар да Алланың әмірін орындайды. Микаил періште жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті әрбір жаңбырдың тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады.[3] Бұлардың барлығы Микаил періштенің қарамағындағы періштелер.

Микаил – Құранда аты аталған, Алла Тағала мен хазірет Мұхаммедке (саллаллаһу ғаләйһи уә сәлләм) ең жақын төрт періштенің бірі. Тирмизидің риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менің жер бетінде екі, көк жүзінде екі уәзірім бар. Жерде хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омар, ал көкте Жәбірейіл мен Микаил періштелер»,[4]– деген. Табараниде бұл хадис: «Алла мені төрт уәзірмен демеді. Бұлардың екеуі жерде, екеуі көкте»,[5] – деп өтеді.

Материал «Періштелерге иман» кітабынан алынды.

 


[1] Бақара, 2/98

[2] Елмалылы, Тафсир, Бақара, 2/98; Ибн Кәсир, Тафсир, Бейрут, 1969, І/129; Ислам Энциклопедиясы, «Микаил» бабы.

[3] Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1/41

[4] Тирмизи, Мәнақиб, 16

[5] Табарани, әл-Мужамул Кәбир, 11/179

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2018, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика