Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ - БӨРЛІ АУДАНЫНДА (ФОТО+ВИДЕО)
01 қазан, 2018 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында Бөрлі ауданына барды. 

 

ҚМДБ төрағасы аудан орталығы - Ақсай қалалық мешітте болып, жамағатпен жүздесті. Қала тұрғындарына уағыз айтқан Бас мүфти:

 

"Халқымыздың түсінігінде «ұят болады» деген үлкен ұғым бар. Ата-әжелеріміз, ата-анамыз кішкентайымыздан бастап санамызға «ұят болады» деген ұғымды сіңіріп өсірді. Міне, дәстүр дегеніміз осы. Сол «ұят боладының» арқасында қаншама арсыз әдеттен сақтандық. Өзінен, адамдардан, Алладан ұялатын кісі жамандыққа әсте жол бермейді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде», – деген. Демек, қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман болғаның…  Әрбір мұсылман азамат бейнебір «Қазақстан» атты алып ғимаратқа бір кірпіш болып қаланып, сол орында өз миссиясын ұқыпты, мұқият, адал атқаруы ләзім", - деді.

 

Жылы жүзді жүздесуден кейін Серікбай қажы Ораз мешітке, жамағатқа өз атынан естелік сыйлық табыс етті.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары