Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Зекет» қоры мен мешіт ұжымы өнегелі іс жасады
26 желтоқсан, 2018 жыл 857 Басып шығару нұсқасы

Мәуліт мерекесіне орай №2 мүгедектер үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәулітіне арналған мәдени-рухани кеш қайырымдылық негізде өткізілді. Рухани кешті ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қоры мен Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешіті бірлесіп ұйымдастырды. Салауат айтумен басталған сауабы мол шарада наиб имам Рахматуллаев Алимжан шынайы мұсылманның өмірдегі бейнесі мен пайғамбарымыздың сүннетіне еліктеу, сабыр мен шүкір турасында насихат айтты. Тәттімбет атындағы өнер мектебінің жас өнерпаздары қазақтың тәлімі мол жырларынан шашу шашып, көңіл тербетер күйлерімен көпшілікті серпілтті. Мешіт шәкірттері салауат жырын арнады. Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының ақсақалдар тобы осы айдағы хатым құран сауабын қарттар мекемесіндегі бақилық болғандарға арнап бағыштады. «Зекет» корпоративтік қорының өкілі Жарымбетов Мұхит жиналған қауымды Мәуліт айымен құттықтап, 30-шы желтоқсан күні Кеншілер мәдениет сарайында өтетін «Пайғамбарлар падишасы» мәуліт мерекесінің билеттерін бір топ кісіге тегін тарту етті. Умра қажылығынан әкелінген үш литр зәм-зәм суын мекеме тұрғындарына сыйлады. Рухани шара соңынан 150 адамға арналған ыстық тағам берілді. Мешіт ақсақалдарының ұйымдастыруымен садақа ниетімен даярланған тіске жұмсақ кондитерлік өнімдер әрбір қарияға таратылды.  Әлемдерге рахмет белгісі ретінде жіберілген ақырғы пайғамбар Мұхаммед (соллалаһу алаһи уа сәлләм) көрсеткен жомарттық пен ізгілік өнегесі осылайша өрісін тапты. *Қасиетті Құранның "Ахзап" сүресi 21-аятында Алла Тағала: "Расында сендер үшiн, Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Расулуллада (Мұхаммед пайғамбарда) әлбетте тамаша өнегелер бар" деп ұқтырады. Иә, мүмін-мұсылмандар үшін дін жолында, бес күндік жалған дүниеде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.у) тамаша үлгі-өнеге. Сондықтан шынайы мұсылманның өмірдегі бас мақсаты – пайғамбарымыздың сүннетіне еліктеу, жабырқаған жандардың жанынан табыла білу.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары