Қарағанды 18:32 Шам
  • 06:48 Таң
  • 08:12 Күн
  • 13:27 Бесін
  • 16:43 Екінті
  • 18:32 Шам
  • 19:57 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • ҚазРус
  • Радио
  • Кіру

Қарағандыда «Жылу сыйлау» атты қайырымдылық жобасы жүзеге асты (фото)

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. 

Осы орайда Әбу Һұрайра (Оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисінде пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді. Яғни, пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)осы амалдарды орындаған адам, тіпті, о дүниелік болып, амал дәптері жабылса да – осы үш амалдың сауабы үздіксіз жалғаса беретіндігін хабарлайды

Осы орайда ҚР-дағы БАӘ- нің елшілігі, Қарағанды қаласының әкімдігі, ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы», ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қоры және «UMMET» қоғамдық қорының ұйымдастыруыменен Қарағанды облысында «Жылу сыйлау» қайырымдылық жoбасы жүзеге асты. Қаңтар айының 1- жұлдызынан бастау алған қайырымдылық жобасы он күнге жалғасын тауып, көмекке мұқтаж 100 отбасына көмір жеткізді. Атап айтқанда Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Шахтинск, Пришахтинск т.б аймақтарға қара алтын жеткізіліп, тұрғындардың жүрегіне қуаныш, баспанасына жылу сыйлады.

Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Көптеген тәпсір еңбектерінде Алланың берген рызығын Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып қылу жөнінде баяндалады. Сондай-ақ, шариғат бойынша қайыр-садақаға лайықты мұқтаж адамдардың санаты реттілікпен көрсетілген. Олар: Ата-ана, ағайын, туған-туысқандар, жетімдер, кедейлер және сапардағы мүсәпір жандар қайырымдылық көмегіне лайықты екені мәлім.

Осындай игі істі жүзеге асырған «UMMET» Қоғамдық қорының президенті Мұхаммедəмин Шайкрамұлы Құрманəли мырзаға, Мұхаммед Ахмед Əл Жабир мырзаға ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза өз алғысын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Сондықтан да Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика