Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлік кубогы» атты футболдан жарыс өтті (фото)
16 наурыз, 2019 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп ерекше атап өткен болатын. Аталған жалынды жастар жылында белгіленген бағыт бойынша көптеген шаралар қолға алынып, маңызды жоспарлар алға қойылды.                                                                              Осы орайда, елбасымыздың бастамасын жүзеге асыру мақсатында ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен өнерлі жастар арасында футбол ойынынан жарыс болып өтті. Қарағанды қаласындағы «Еңбек» спорт комплексінде өткен спорттық жарысқа дін қызметкерлері, шәкірттер, ақын, асабалар, кәсіпкерлер мен балуандарды қосқанда он команда қатысты. Спорт пайғамбардан с.а.с сүннет, атадан қалған міндет. Ислам діні қоғамның қуатты, айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл бөледі. Айтулы жарыс «Бірлік кубогы» атауымен жүзеге асты. Жарыстың құрметті қонағы ретінде Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Аймағамбетов Асхат Қанатұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, «Әл Машани» мешітінің бас имамы  Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд Нұрұлы қатысып, қатысушыларға  сәттілік тіледі.

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет», - деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінгі жарыста барынша күш сынасып, бақ таластырған қатысушылар қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. 

Ойын соңында ақ дастархан жайылып, ас берілді. Келген қатысушылар мен көрермендерге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Құран оқып, бата берді. Сондай ақ, уағыз- насихат айтылды. Алдағы уақытта да жастармен түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарға алынып отыр. Өткізілген шараның негізгі мақсаты Елбасының бастамасын өз аймағымызда жоғары деңгейде жүзеге асырып, сонымен қоса жамағаттың ауызбіршілігіне үлкен үлес қосу.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары