Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының өкіл имамының Жезқазған жамағатымен кездесуі
03 сәуір, 2019 жыл 84 Басып шығару нұсқасы

        Алла Тағала  өзінің шариғатын адамзатқа алғашқы түсірген кезден-ақ, білім ізденудің маңыздылығын айтқан. Пайғамбар (с.ғ.с) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Ғалым бол немесе ізденуші бол немесе ғалымдарды жақсы көруші бол немесе ғалымдарды тыңдаушы бол бірақ, бесіншісі болма құрдымға кетесің» деген. Осыған орай, кеше  сәуірдің  2 – і жұлдызы күні Жезқазған қаласындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің асханасында жамағатымыздың білімін нығайту мақсатында, дастархан жайылып,  рухани іс – шара өткізілді. Бұл іс  - шараға арнайы Қарағанды облысының өкіл имамы, Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза келіп, «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында уағыз – насихат жүргізді.  Аталмыш іс - шараға қалалық мұсылман қауым  тұрғындары мен мешіт жамағаты толықтай қатысып, өз ойларымен бөлісіп, дөңгелек үстел бойында бас қосып, біраз нәрсені ой елегінен өткізіп, сабақ алды. Жамағат әсерлі уағызға дән риза болып, тақуалықтарын артыру керектігі және білім алудың маңызды екенін екі дүниеде де жақсылыққа жетелейтін жол екенін түсінді. Бас имам келген жамағаттарға ұстазымыздан білім алуды өсиет етті. Іс – шара соңында Құран оқылды. Сонымен қатар,  бұл рухани бағыттағы кездесілер мен іс -  шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары