Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ілім алған ақ жаулықты әжелерге сертификат табысталды (фото)
17 сәуір, 2019 жыл 438 Басып шығару нұсқасы

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Жалпы Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі. Алла Тағала Құран Кәрімде білімнің артықшылығын бізге былай баяндайды:

«Білетіндер мен білмейтіндер тең ба? Шын мәнінде ақыл иелері ғана ғибрат ала алады!»[2], деген. («Зумар» сүресі, 9-аят)

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде рухани шара өтті. Облыстық мешіттің жанынан ашылған сауат ашу курсында бірнеше жыл бойы ілім нәрімен сусындаған ақ жаулықты әжелерге сертификат табыстау рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Облыс өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа игі шараның шымылдығын ашып, асыл дініміз –  Исламда білім алудың сауабы мол екендігін айтып, асыл әжелерге өзінің ыстық лебізі мен құттықтау сөзін жеткізді.

«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Облыс өкіл имамының атынан сертификат куәліктерін иеленген әжелер ҚМДБ ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстаздары Мусин Сайлау Жұмағұлұлы, Бакирова Арай Серғалиқызы, Тапина Карина ұстаздардан Құран, фиқһ,тәджуид, хадис ілімдері бойынша дәріс алып келді.

Ілім ізденудің ерте кеші жоқ. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады » деген ұлы ақын Абай атамыздың сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Ізгі шара барысында ілім жинақтаған шәкірт әжелерге алған білімін куәландыратын сертификатпен қатар  гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды.  Мешіт асханасында әжелердің құрметіне дастархан жайылып, қасиетті Құрани Кәрім оқылды, бата берілді. Апа-әжелер мешіт ұстаздарына ізгі ниеттерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары