Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Жомарттық - жан жылуы»
02 мамыр, 2019 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті рамазан айы қарсаңында халыққа үндеу жолдаған Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіретіміз: «Ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда көпбалалы жанұяларға қолдау көрсетіп, қариялар мен мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың батасын алып, алғысына бөленуге үндеймін. Жетімдер мен науқас адамдарға қамқорлық жасайық! Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа. Бірде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрағанда, ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген екен. Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін!» – деп атап өтті. Дінбасымыздың сауапты іске үндеген бағытын басшылыққа алған Бас имам Қабылбек Әліпбайұлы Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Рамазан – берекелі ай» тақырыбында рухани және қайырымдылық кеш ұйымдастырды. Айналамызға зерделеп қарайтын болсақ, тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры жан-дүниемізге жылулық сыйлайды. Осы тұрғыда жылы сезімді жүрегімізге орнатып, жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасау барысында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді. Рамазан айының ерекшеліктері мен сабырдың сан қырлы сатылары турасында насихат айтылды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау, кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді құрметтеу әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді. Қоғамдағы адамдар айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұратын болса, ел ішіндегі береке мен бірлік, тұтастық пен тұрақтылық та баянды болмақ. Осындай екі дүниемізге сауабы мол қайырымды істер алдағы рамазан айының берекелі күндерінде де жалғасын табатын болады.

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары