Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде тарауық намазы оқылды(фото)
06 мамыр, 2019 жыл 325 Басып шығару нұсқасы

Жыл айналып мұсылман қауымы тағаттарын тауыса күткен Рамазан айы келді. Құран түскен қасиетті айда тозақ есіктері жабылып, құлшылық қылған қауымның тілектері қабыл болады. Жаратқан Иеміз Рамазан айында мұсылман қауымына ауыз бекітуді міндет еткен. Алланың разылығы үшін бес парыздың біріне жататын оразаны өтеген адамның шексіз мейірімге бөленері хақ. Сонымен бірге оразаның отыз түні Тарауих намаз оқумен өтеді. 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарауих намазы жайлы: «Хақ тағала сендерге оразаны парыз, тарауих намазын сүннет етті. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады», – деген. 

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде айлардың сұлтаны болып саналатын қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Құптан намазы алдында Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Рамазан айы жайлы, тарауих намазы, Құран хатым жасау туралы уағыз айтып, қасиетті айда жүзеге асатын, жоспарланған іс-шараларды таныстыра өтті.

Мешітке келген жамағатты лайықты түрде күтіп алу үшін мешіт қызметкерлері де бар ынта жігерімен дайындық жұмыстарын жүргізіп, алғашқы күннен бастап Рамазан айына  деген әзірліктің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Мұсылман жұртшылығының Рамазан айын сағына күткенінің бір дәлелі, қасиетті айдың алғашқы тарауық намазына қатысуға келген жамағаттың көптігінен, облыстық мешітте ине шаншыр жер болмады. Алла Тағала қаласа, алдағы отыз күн бойы облыстық және қала, аудан мешіттерінде тарауық намазы оқылып, уағыз насихат айтылып, қасиетті Құран хатым етілетін болады.

Құрметті мұсылман жамағат, Рамазан айындағы оқыған тарауих намазымыздың барша жақсылықтарын Алла Тағала нәсіп етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары