Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде студенттерге ауызашар дастарханы жайылды (фото)
21 мамыр, 2019 жыл 105 Басып шығару нұсқасы

Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. 

Бүгін Қарағанды обыстық "Әнет баба" мешітінің асханасында студенттерге ауызашар дастарханы жайылды. Қасиетті айдың берекелі дастарханына қаламыздың оқу орындарында білім алып жатқан болашақ мамандар бас қосып, Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа мырзаның уағыз насихатын тыңдады.Сондай ақ, берекелі дастархан басында Құран бағышталып, бата берілді.

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі.

Алла Тағала Рамазан айында тұтқан оразамызды қабыл етіп, барлық қайырымды істерімізді сауаптан жазғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары