Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қадір түнінде дұғасы қабыл болған Жәния әпкеміз пәтердің кілтін иеленді (фото)
31 мамыр, 2019 жыл 334 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айында көптеген ізгі рухани шаралар жүзеге асып, қайырымдылық көмектер жасалды. Осындай көмектің  бірі, көп балалы, жалғыз басты Жания Ғабдушева әпкемізге  көрсетілді. Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығын байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында«Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген.  Қасиетті Рамазан айы бойы жомарт жандардың ат салысуымен пәтердің кілтіне қол жеткізуге қаражат жиналып, Жания әпкемізге пәтердің кілті табысталды. Қуанышы қойнына сыймаған көп бала ана дін қызметкерлері мен жомарт жамағатқа, мұсылман қауымына өзінің алғысын айтып, қуаныштан аққан көз жасына ерік берді. 

Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Қасиетті Қадір түніне орай іске асқан бұл ізгі шара көмекке мұқтаж отбасына ерекше қуаныш сыйлап, ана мен баланың қуанышына үлкен әсерін берді. Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа үндеген. Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.

Қарағанды облыстық мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары