Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Нұр-Сұлтанда Халал индустриясын дамыту бойынша конференция өтуде
30 шілде, 2019 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Бүгін бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласында «ТМД аймағындағы Халал индустриясын дамыту бойынша мүдделі тараптардың жұмыс кездесуі» атты бір күнге созылған конференция ұйымдастырылуда.

Бұл жиынның мақсаты АҚИҰ (Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы) ауылшаруашылық ғылымы мен технологиясының ең озық жетістіктеріне, жүйелі тәсіл негізінде мұсылман елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді көздейді. Осыған байланысты АҚИҰ стратегиялық мақсаттары аясында, ТМД аймағында халал индустриясын дамыту мәселелеріне аса зор көңіл бөлінуде.

Қазіргі уақытта сәйкестікті растайтын, рәсімдерді жүргізу бойынша нормативтік талаптарды жетілдіруді қажет етеді. Халал стандарттаудың жалпы мәселелері және оларды іске асыру әлі күнге дейін өзекті мәселелер қатарында саналады.

Бұл жиынға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб муфтиі Б.Есмахан және «Халал өнімдерін стандарттау» бөліміне қарасты «Халал Даму» ЖШС директоры А.Елжановтың және де ТМД мемлекеттері, Туркия (SMIIC), Ұлыбритания, Қырғызстан, Татарстан елдерінен шақыртылған спикерлер, сонымен қатар, ҰАО (Ұлттық Аккредиттеу Орталығы), «САПА» «Ұлттық қоғам, тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымы», ХФО Астана «Халықаралық Финанс Орталығы» т.с.с спикерлер қатысуда.

https://www.muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары