Тілдік нұсқа
Радио

Фото

КАТОЛИКТІК ШІРКЕУ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ИНДОНЕЗИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ «ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ (ФОТО)
13 тамыз, 2019 жыл 164 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде Қарағанды қаласындағы католик шіркеуінің епископы Дель`Оро Аделио мен бас епархия Евгений Зеньковский  және  Индонезиядан келген католик дін өкілдері қонақ болып, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Сондай-ақ, барша мұсылман қауымының қасиетті мейрамы Құрбан Айтпен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.  Кездесу дастархан басында өз жалғасын тауып,  алдағы уақытта бірлесе отырып атқарылатын қайырымдылық және рухани шаралар өткізу жоспарланды.

Естеріңізге сала кетсек, католиктік шіркеу өкілі Дель`Оро Аделио бұдан бұрын да облыстық мешітімізге келіп, әр мейрамда өзінің құттықтауын жеткізген болатын. Жергілікті мұсылман бауырлармен де етене араласып үлгерген. Бұл кездесулер дінаралық татулықты нығайтумен қатар ішкі тұрақтылықты дамытудың кепілі болмақ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары