Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шет елдік қонақтар мешітке зиярат жасады
19 тамыз, 2019 жыл 33 Басып шығару нұсқасы

 

         Бүгінде мешіттердің рухани ордаға айналып, шет мемлекеттерден келген қонақтардың да тамашалап, рухани қуат алатын орнына айналып келе жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітіне әркезде алыс-жақыннан келген құрметті меймандар ат басын тіреп тұрады. Бұл жолы Германия елінен келген бір топ қонақтар іргелі құтты орын "Әнет баба" мешітіне зиярат жасады. Мешіттің ұлттық нақыштағы безендірілуі мен сәні келіскен сәулетін тамашалаған құрметті меймандарды наиб имам Нұржігіт Оразалыұлы күтіп алып, мешіттің құндылығы мен діни тағылымы турасында насихат айтты. Қаламыздың зиялы қауым өкілдері қонақтармен бірге мешіт ішінде біршама уақыт аялдап, өзара сұхбат жүргізді. Зайырлы еліміздегі дінаралық тұрақтылық пен тұтастықтың нәтижесінде, рухани жаңғырудың негізінде Ислам дінінің толеранттылығы өз өміршеңдігін айғақтап келеді. Бүгінгі басқосу осының нәтижесі.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары