Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Дінді біліммен тану – дұрыс жолға жетелейді
21 қыркүйек, 2019 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бағыты бойынша «Жастар ісі бойынша» атқарылып жатқан игі істердің мақсаты – жас буынның саналы, озық ойлы, діни дүниетанымы дұрыс қалыптасқан қоғам мүшесі болуға баулу болып табылады. Мешіт жамағатының көпшілігі дінге бет бұрған жастармен толығып келе жатқаны баршамызға аян.  Оларды бүгінгі заман тұрғысында зерделеп, жат ағымның ықпалынан арашалап қалу дін қызметкерлерінің басты міндеті. Осы орайда Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде бас имам Қабылбек Әліпбайұлының жоспары негізінде «Дінді біліммен таны» тақырыбымен викториналық сұрақтармен сайыс өткізілді. Елуден астам шәкірттер мен мешіт жамағаттары қатысқан сайыста наиб имамдар дін мен дәстүрге қатысты және шариғат құндылықтары мен фиқһ мәселелері бойынша сауалдар жолдады. Сұрақтарға жауап берген жастар арасында озық болғандарға кәдесыйлар табысталды. Олардың қатарында І-ші орынды Рахымжан Серік иеленіп, ІІ-ші орынға Бердібай Ерғали лайықты болса, ІІІ-ші орын Махметолла Нұрдәулетке берілді. Жалпы қатысқандарға жұбаныш сыйлықтары таратылды. «Білекті бірді жығады. Білімді мыңды жығады» деп дана халқымыз білімді болудың маңыздылығын ертеден бағалаған. Осындай тәрбиелік мәні бар, сауатты болуға бағытталған іс-шаралар нәтижесін беретіндігі айқын.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары