Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: «Жастар ісі» және «Зекет» қоры науқас балаларды зиярат етті
16 қазан, 2019 жыл 411 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні бойынша науқасты зиярат ету (яғни көңілін сұрау) – сүннет. Адамгершілік қағидасына сүйенсек те, бұл ұлты мен ұлысына қарамай мәдениеттілікке жатады. Халық даналығында «Аурудың емі – саудың сәлемі» деп текке айтылмаса керек.          Аллаһу Тағала науқасқа зиярат жасауды, Өзіне зиярат жасағанмен пара-пар санайды.                                                    Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы әрі «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Джаримбетов Мұхит Михайлұлының ұйымдастыруымен рухани-қайырымдылық шара жүзеге асты. Ізгі шара Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасында болып өтті. Облыстық мешіттен келген дін қызметкерлері балалардың жанына демеу болып, жүрекке жылу сыйлар ізгі тілектері мен баталарын берді. Сондай-ақ, жас жеткіншектердің көңіліне медеу мен қуаныш сыйлау мақсатында әртүрлі сыйлықтар мен тәттілерін табыс етті. Кездесу соңында аталмыш мекемеде Құран бағышталып, дұға оқылды. Облыстық мешіт тарапынан атқарылған қауырымдылық шарасына аурухана қызметкерлері мен ем алушы жеткіншектер үлкен алғыстарын жеткізді.

Көңіл сұрау – қанымызға сіңген салтымыздың бірегейі. Ендеше Хақ Тағала осындай игі іске бір қазақ емес бар қазақ болып, мұсылман болып ат салысуды нәсіп етсін.

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары