Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"Отбасы құндылықтары мен қағидалары қамтылған рухани кеш өтті"
21 қазан, 2019 жыл 492 Басып шығару нұсқасы

Қоғамның діңгегі және маңызды құрылымы ол – отбасы. Адамзат тұрақтылығының негізі отбасының тұтастығымен тығыз байланысты. Асыл дініміздің қайнарларынан бастау алған ата-бабаларымыз «Отан – отбасынан басталады» деп ұлағатты сөз қалдырған. Осы күні "Отан үшін отқа түспесең де, сол Отан тұтастығы үшін отбасын сақтап жүру" үлкен жауапкершілік жүктейтіні ақиқат. Себебі, отау құрған жастар арасында тұрмыстық қиындықтарға, сан түрлі сынақтарға төтеп бере алмай, ажырасып жатқандардың да саны артып отыр өкінішке орай.    Сол себепті, қоғамда әдептілік пен инабаттылық өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында отбасының маңызы өте зор. Әрбір жанұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне қатысты әдептілік пен адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, кездеспей қоймайтын тіршіліктің суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөліссе, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ. Ислам діні әйел адам мен ер адам бір-бірін толықтырып тұратындығын және бір-бірі үшін тірек болатындығын бекітіп, қасиетті Құранның Бақара сүресінің 187-аятында: «Олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» — деген. Сондай-ақ, Құран Кәрім мен пайғамбарымыздың сүннетінде әйел адамға ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты орынға ие болуын қамтамасыз етеді. Құранда Рум сүресінің 21-аятында баяндайды: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар». Осы орайда Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлы "Әйел-қыздар секторы" бөлімінің шәкірттеріне және әйел жамағатына арнап насихат кешін өткізді. Дініміздегі отбасы мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, жанұяға қатысты қағидаларды баяндаған бас имам, отбасын құрмай тұрып болашақ жар таңдау құқығын, некелесу шарттарын, әйел адамның ері алдындағы құқықтары мен міндеттерін, бала тәрбиесі мен ажырасуға қатысты ережелерді түсіндіріп өтті. Иә, елдің, ұлттың болашағы әр отбасында қаланады. Сондықтан отбасының ұрпақ тәрбиелеудегі айрықша рөлі оның қоғамдағы маңыздылығын айшықтайды.

Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары