Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Сайыс қорытындысында алты умра қажылығы табыс етілді.
30 қазан, 2019 жыл 113 Басып шығару нұсқасы

Адамзатты хақ жолға бастайтын қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырады. "Оқы" деп басталған аят «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Тарихта мұсылмандардың әрбір жас-кәрісі, ер-әйелі білімнің тал бесіктен жер бесікке дейін парыздығын сезінііп, білім алуды мақсат етіп өткен. Білім мен ғылымды негізге алған адамзат баласы Алланың жаратқандарын түрлендіріп, тіршіліктің дамуын жетілдірді. Нәтижесінде,  ислам дінінің қанаты жеткен өлкелерде ғылым, білім, мәдениет дамып, ғылымның әр саласынан есімі өшпейтіндей танымал ғалым-ғұламалар жетілді. Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітіне қарасты "Олжас Есенұлы атындағы діни сауат ашу орталығы" ғимаратында "Дінді біліммен таны!" тақырыбында білім сайысы өтті. Сайыста Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан, фиқһ дәрістерінен емтихан алынды. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы төрағалық еткен емтиханға ЖОО-да оқитын ІІ-ші және ІІІ-ші курс студенттері қатысты. Бас имам: - Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түседі. Демек, Ислам діні білімді болуды қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихаттаған. Тәуелсіздігіміздіің сыйын жақсы бағалап, ұл-қыздарымызды иманды етіп тәрбиелеу, Құран курстарына қатыстырып, діни білімді жетілдіру – уақыт талабы,  - деп, діни білім алудың ерекшеліктері мен қағидаларын қамтып насихат айтты. Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған үш шәкіртке және осы оқу орнының қызметкерлеріне барлығы алты кісіге жомарт жандардың демеушілігімен умра қажылығының сертификаты табысталды. Сайысты ұтымды ұйымдастырған оқу орталығының директоры Сайлау Мусин өздерінің діни біліктілігін көрсеткен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар үлестірді. Берекелі басқосу дастархан үстіндегі сұхбат насихатқа ұласты.    

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары