Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Muslim.kz порталы «Мәуліт Challenge» эстафетасын жариялады
14 қараша, 2019 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетін жаңғырту мақсатында Muslim.kz порталы «Мәуліт Challenge» атты игі істер эстафетасын жариялады.

Эстафета шарттары мынадай: 

1 минуттан аспайтын видео түсірілім жасайсыз;

Оның мазмұны кез келген бір игі ісіңізді баяндауы қажет;

Жасаған амалыңыздың сауабын Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арнауыңыз қажет;

Видеода «Мен «Мәуліт Challenge» игі істер эстафетасына қосыламын» деп міндетті түрде айтуыңыз қажет;

Сондай-ақ, видео астына #МәулітChallenge хэштегін жазып, @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасын белгілеуіңіз қажет;

Бұдан бөлек, Инстаграм желісіндегі @aziretsultanmosque және @_muslim.kz_ парақшасына жазылуыңыз міндетті.

Байқауда ең көп лайк пен пікір жинаған қатысушылар әділқазылардың шешімі бойынша ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 100 000 тг.

2 орын – 70 000 тг.

3 орын – 50 000 тг.

Сондай-ақ алғашқы жиырмалыққа кірген қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болады. Эстафета 23 қарашаға дейін жалғасады.

 

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары