Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"Qazyna" дәмханасына халал сертификаты табысталды
18 қараша, 2019 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақтың жүйелі жүргізілген насихаты мен кешенді іс-шараларының нәтижесінде қаламыздағы тағы бір дәмхана "Халал" сертификатын алды. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы жұма күні жамағат алдында халал ас тұтынудың берекеті турасында мағлұмат беріп, VILLA GROUP ЖШС "Qazyna" дәмхана иесі Арыстан Мұхтарұлына сертификат табыстады. Мұсылмандар халал өнім тұтынуы керек. Сондықтан да мүфтияттың осы тұрғыда атқарып жатқан игі істері өз нәтижесін беріп отыр. Халықаралық халал стандарт талаптарына сәйкес, талдаушы-технолог, инспектор-бақылаушы, қасапшы, оқу-семинар өткізу секілді жұмыстар да облысымызда жүргізіліп отыр. Осы тұрғыда мал бауыздау және ет өңдеу саласындағы Халал стандарты бойынша "Қасапшылық - сауапты һәм жауапты іс" атты оқу семинарын тәмамдаған екі адамға да сертификат берілді.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары