Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жастармен өткен кездесуде "Жеті рухани қазық" насихатталды.
19 қараша, 2019 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі қоғамымыздағы діни ахуал мен ішкі тұрақтылықты және рухани тазалықты сақтауда имандылықтың ролі зор. Әсіресе, жастар арасында діни түсінікті дұрыс қалыптастыру және имандылық иірімдерін сауатты түрде насихаттау ісі маңызды. Осы тұрғыда "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы, жастар ісі бойынша жауапты маман Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы екі бірдей оқу орнында өткен кездесуге қатысты. Қарағанды медицина колледжі мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ  жастарымен өткен басқосуда наиб имам: - Асыл дінімізде адам баласының негізгі мұраты – жер жүзінде өркениет пен мәдениетке негізделген өмірді көркейту. Ол жөнінде қасиетті Құранда: «...Ол Алла сендерді жерден жаратты әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады ...» («Һуд» сүресі, 61-аят), – делінген. Ендеше, мемлекеттің өркендеуі оның экономикасының дамуымен, халықтың әл-ауқатының артуымен ғана өлшенбейді. Мемлекетті құрайтын ұлт болса, сол ұлттың жан-жақты білімі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы – аса маңызды мәселе. Әйгілі ойшылдардың бірі: «Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», – деген сөзінде үлкен мән жатыр. Сондықтан рухани байлық пен ізгілік бойында қалыптасқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да көп. Мемлекетіміз бізге жас кезімізде қамқорлық танытқаны секілді, біз де ертеңгі күні  бірлігі жарасқан еліміздің білімді, өнерпаз, еңбекқор, иманды, салауатты ұрпағы болуға тиіспіз- деді. Форумда қабылданған "Жеті рухани қазық" қағидалары да жастардың жадында жаңғырды. Адастырушы жат ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді. Жастар тарапынан діни сауалдарға жауап беріліп, өзара сұхбаттармен жалғасқан рухани кеш соңы наиб имамға оқу орнының басшылығы тарапынан алғыс хат табыстаумен аяқталды.   

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары