Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыстық төралқа жиыны өтті
22 қараша, 2019 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жылдық есепке арналған төралқа жиыны болып өтті. Облыстың бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының басшылығымен өткен алқалы жиында облысқа қарасты қала, аудан имамдары әдеттегідей бір жыл бойы атқарған ұйымдастыру-басқару, діни уағыз-насихат, оқу-ағарту, қажылық, т.б. салалардағы қызметтері жайлы есеп берді. Сонымен қатар, жиында ІІІ республикалық имамдар форумының құжаттары негізге алынды. ҚМДБ-ның жүктеген алдағы міндеттемелері мен тапсырмалары назарға алынып, атқарылатын шаралар талқыға салынды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, теріс ағымдармен күрес жұмыстарын күшейту, мешіттерді білікті кадрлармен толықтыру, шәкірттерді білімге баулу, діни дәрістерді жүйелеп, сабақ кестелерін бекіту, мешіт құжаттарын реттеу, жамағаттың өзара ынтымағын арттыру, қайырымдылық шаралар өткізіп, қоғамдық орындармен ықпалдастық орнату т.б тәрбиелік жұмыстар жүргізу мәселелері қамтылды. Қала, аудан имамдары да өз ұсыныстарымен бөлісіп, ортақ мәселелер жоспарланды.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары