Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Мәуліт мерекеленді
06 қаңтар, 2020 жыл 250 Басып шығару нұсқасы

*Пайғамбарға махаббат, иманның асыл тірегі.
Есіл дертің сол үшін, бекісін нық боп жүрегің.
Жақсы көру белгісі – салауат айту әр мезгіл.
Құрметті затты ұлықтап, байлансын нық боп шын көңіл, - 

деп әр кез салауат оқып жүру Мұхаммедті (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көргендіктің белгісі екенін насихаттайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Кім бір нәрсені көп жақсы көрсе, оны көп айтатын болады» дейді. Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында «Әлбете Алла да, Оның періштелері де пайғамбарға (Мұхаммедке) салауат (дұғасын) айтады. Ей мүминдер! Сендер де Оған (Алла Елшісі Мұхаммедке) салауат және сәлем жолдаңдар» деп бұйырады. Демек, Алланың Өзі де және періштелері де салауат айтады.

         Елімізде біршама уақыттан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мәуліт айы ерекше аталып, халықтың руханиятқа деген таным-түсінігі артып келеді. Осы орайда, Қарағанды қаласы, С. Сәпиев атындағы бокс орталығында Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ізгі өмірі зор ықыласпен ұлықталатын Мәуліт мерекесі аталып өтті. Ғибратты өмірі мен көркем мiнездiң үлгiсi бола бiлген пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегесінен үлгі алуға үндейтін мерекеге қала, аудан имамдары мен қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ жиылған қауымды мерейлі мерекемен құттықтап, шынайы ықылас-тілектерін білдіруге Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының "Қайырымдылық және уахып істері" бөлімінің меңгерушісі  Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, Қарағанды облыстық Дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахматуллаұлы рухани кештің құрметті қонағы болды.  Мерейлі мерекеде қала мешіттерінің имамдары пайғамбарға арналған Мәуліт оқыды. «Салауат» сөзі араб тілінде «берекет», «құрмет ету», «тілек» сияқты мағыналарды білдіреді. Осы тұрғыда Теміртау қалалық мешітінің имамы  Елдос Жұмаділдә әсерлі уағызымен халықты тебірентті. "Пайғамбарды мейман қылған Абу Аюб Әл-Ансари" тақырыбында монолог оқылып, сахабалар өмірінен сыр шертілді. Арқа ақындары А.Жұмағұлов, Т.Әділов, М.Ақанов, Д.Қамиев діни тақырыпта сөз саптады. Пайғамбарға (с.ғ.с.) арналып арабша салауат оқылды. Елімізге танымал Сержанәлі Әлібек тақырыпқа сай иләһи әндер шырқады. Әкелі бала өнерпаздар күмбірлеген күйлерімен өнер көрсетті. Дін істері басқармасының басшысы Н.Рахматуллаұлы рухани кешке жиналған қауымды құттықтап, игі шараны ұйымдастырушыларға ыстық ықыласын білдірді. "Қайырымдылық және уахып істері" бөлімінің меңгерушісі  К. Бекбосынұлы ҚМДБ-ның атынан құттықтауын айтып, салауат айтудың сан қырларын насихаттады. Бас имам Ө.Қазкенұлы осы кештің мақсаты жайында орамды ой айтып, билет құнынан түскен қаражатты К.Тұрдыбаевпен бірге көпшілік алдында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы төрт отбасына табыстады. Мереке соңында бұқара халық келер жылғы Мәуліт мерекесінде аман-саулықта көрісуді тілеп тарқасты.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары