Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"Қарағанды - қайырымды қала" тегін такси акциясы өтті
29 қаңтар, 2020 жыл 58 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен қала ішінде және Майқұдық пен оңтүстік -Шығыс шағын аудандарда екі күндік тегін такси қайырымдылық шарасы өткізілді.  Сауапты шараға облыстың бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап, мешіт имамдары мен мешіт жамағаттары барлығы 27 автокөлік атсалысты. Шараның басты мақсаты - үскірік аяз бен боранда аялдамада тұрған қала тұрғындарын діттеген жеріне тегін тасымалдау. Бұл игілікті іс жыл сайын осындай қауырт күндерде жүзеге асып келеді. Алла елшісі (с.ғ.с) "Сендердің ең жақсыларың адамдарға пайдасы тигендерің" дейді. Мүмкіндігі бар кісілер осындай аязды күндері халықты жол үстінен тегін мінгізіп, тасымалдау ісіне үлес қосса, ықылас пен батаға бөленері анық. "Батамен ер көгерер" халық даналығы да текке айтылмаса керек.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары