Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ақида дәрістері аптаның сенбі күндері өтеді
06 ақпан, 2020 жыл 530 Басып шығару нұсқасы

Ақида – адамның сенім сұрақтары мен қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан танымы, пікірі, діни ұстанымдар жиынтығы. Мұсылман ақидасының түп негізі – Құран мен Сүннет. Яғни, әрбір мұсылманның таным-түсінігі, ғұмырлық ұстаным-қағидалары осы қайнар-бұлақтардың негізінде қалыптасуы тиіс. Ақида мен иман бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Ақида ілімі Исламдағы бес негіздің алғашқысын – иман мәселелерін  зерттейді. Иман Алланың барлығына, бiрлiгiне, перiштелеріне, Кiтаптарына, пайғамбарларға, Ахирет күнiне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендiгiне сенуден тұрады.

                   Осы негізде Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінде имам Қабылбек Әліпбайұлы аптаның сенбі күндері бесін намазынан соң әйелдер мен қыздар тобына "Ақида" пәнінен дәрістер өткізуді жолға қойды. Бұған дейін жыл бойы "Ислам және отбасы" бағытында жүргізілген жүйелі дәрістер енді таным тұғыры турасында жалғасатын болды. Дәріс аламын деушілерге осы күндері тереңірек ілім алуға мүмкіндік бар.

      

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары