Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ-ның 30 жыл толуына орай қайырымды іс атқарылды
27 ақпан, 2020 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның 30 жыл толуына байланысты игі шараларды арттыру бағытында Қарағанды облысының "ЗЕКЕТ" қоры мен "ЖАСТАР СЕКТОРЫ" балаларға арнап бірлескен қайырымдылық шарасын өткізді. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көпбалалы отбасылар, әлеуметтік аз қамтылған және жетім балалар үйінен  жеткіншектерді топтастырып, көңілді демалыс кешін ұйымдастырды. Халыққа арналған демалыс кешенінің демеушілігімен өткізілген іс-шара барысында Құран оқылып, мекеме ұжымы мен балаларға бата берілді. Облыстық "Әнет баба" мешітінің діни қызметкерлері балаларға арнап ата-анаға құрмет, білім алудың маңызы, Отансүйгіштік жайында насихат айтты. Ұлттық ойындар мен балалардың ой және дене дамуын арттыратын тартысты сайыстар өткізіліп, тіл үйірер дәмді тағамдар ұсынылды. Тәрбиелік мәні зор көңілді кеш ұйымдастырған мекеме басшылары мен "Зекет" қорына, мешіт ұжымына ата-аналар мен балалар алғысын айтып тарқады.     

 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары