Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Карантин уақытында көмек көрсетілуде
01 сәуір, 2020 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: "Өтпелі сынақ сәтінде үмітсіздік пен күйзеліске бой алдырмай, Аллаға жақындауымыз қажет. Аллаға жақындау дегеніміз – Оның жер бетіне орнатқан заңдылығымен жүру. Адам баласының Аллаға деген нық сенімі, яғни иманы оны кез келген тығырықтан алып шығады. Иман шартын жүрегіне бекіткен мүмін жақсылық пен жамандық – Алладан деп қабылдайды. Нығметке кенелсе – шүкір етеді, қиындыққа тап болса – төзімділік танытады," - деген болатын.

Осы орайда, Қарағанды облыстық мешітінде Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен "Зекет" қорының ұтымды ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінің жанынан "Қайырымдылық штаб" құрылды. Оған облыстық "Зекет" корпоративтік қоры, «Жастар ісі» секторы, «Ana-mama» қоғамдық қоры, қала, аудан имамдары, кәсіпкерлер мен ынталы азаматтар атсалысты. Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен қамқорлыққа зәру жандар тізімі бойынша алғашқы легімен жүз жетпістен астам отбасына азық-түлік жеткізілді. «Жастар ісі» секторы мен «Әйел-қыздар» секторы игілікті іске үлес қосып, мешіт жанынан ашылған уақытша тігін шеберханасында 1500- ден астам бірнеше рет пайдалануға болатын бетперде тігіп, отбасыларға қайырымдылық көмекпен бірге таратты.  Сауапты шараға діни сауат ашу курсының шәкірттері үй жағдайында да тігін тігіп көмек көрсетті.

Осындай сыналатын сын сағатта қайырымдылық шараларын арттырып, бірлігімізді танытып сауапты іс жасау, қиындықта адам баласына қол ұшын созу әрбір мұсылманның бойындағы ізгі қасиет. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметтеріне «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар» деп атап өткен. Біз карантин сәтінде жасалған көмек көрсету барысында елдің басына түскен сынаққа сабырлықпен қарауға үндеп, үнемшілдік пен жақсы ниетте болудың маңыздылығын барынша түсіндіріп жатырмыз. Сауапты іс жасау біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу қайырлы іс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасады, - деді бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары