Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Рамазан - нұр шашып, берекеті тасыған ай
03 мамыр, 2020 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті рамазан - мейірім мен рахым айы. Осы айдағы жасаған ізгі амалдар еселеп жазылады. Рамазан айының алдында "Жүрек жылуы" акциясымен басталған қайырымдылық іс-шарасы Рамазан айының толық кіруімен жалғасын тапты. Қарағанды қаласының мешіттері, "Зекет" корпоративтік қоры, "Ана-Мама" қоғамдық қорының атынан жасалып жатқан игі шаралар барысында ораза айының алғашқы онкүндігінде әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасына қайырымдылық кәрзеңкесі табысталды. Тасымалдау барысында 2020 жылға арналған күнтізбе, "Мұнара" газеті, құттықтау қағаздары таратылды.  

         Сонымен қатар, әр күн сайын 100 адамға ауызашарға арналған ыстық тағамдар жекелеген жанұяларға тегін тасымалданады. Бүгінгі күнге дейін ауыз бекіткен 900 адамға ауызашар тағамы таратылды. Олардың қатарында жетім балалар үйі, қарттар мен зейнеткерлер, мүгедек жандар да бар. Бұл игі шаралар сауаптан үміттенген жомарт жандардың қолдауымен жүзеге асып келеді. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының нұсқауымен осындай игі шаралар қала, аудан мешіттерінде де жалғасын тауып отыр. Төтенше жағдайға байланысты рамазан айында ауыз бекіткен кісілер мен көпбалалы аналар, мұқтаж жандарға жасалып отырған көмектер рамазан айының соңына дейін жалғасын табады.

        

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары