Тілдік нұсқа
Радио

Фото

КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)
04 маусым, 2020 жыл 9 Басып шығару нұсқасы

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжілістің күн тәртібінде халықтың сұранысы мен өтінішіне орай қажетті өңірлерде мешіт салу, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау, құлшылық үйлеріне кезекті дезинфекция шараларын жүргізу, т.б. мәселелер талқыланды.

Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітті салу кезінде мүфтият тарапынан бекітілген арнайы тәртіп ережесін сақтауға, құлшылық үйлерінің құжатын өз уақытында рәсімдеуге назар аударды.

Басқосуда облыстың бас имамдары Бас мүфтиге өңірдегі діни ахуалды баяндап берді.

Онлайн Төралқа мәжілісі соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Орталық аппараты мен облыс бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары