Тілдік нұсқа
Радио

Фото

МЕШІТТЕРДЕ КЕЗЕКТІ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША
06 маусым, 2020 жыл 21 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті кітабымыз Құранда: «Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар. Алла сендерге жеңілдік қалайды», – делінген. Аллаға шүкір, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, халқымыз қалыпты өмір тіршілігіне ауыса бастады. Алайда карантин режимінің талаптарын әлі де сақтап, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет. 

    Карантин режимінің жұмсартылуына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да еліміздегі мешіттердің жұмыстарын жандандырып келеді. Аллаға шүкір, мешіттердегі құлшылықтар жамағаттың қатысуымен екінті намазынан кейін карантин кезіндегі арнайы санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жүзеге асатын болады

    Бұл ретте Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің оң шешіміне сәйкес бүгіннен бастап осы өңірдің ірі мешіттерінде жұма намазы оқылады. Бірақ ең бастысы ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы Қаулысындағы талаптарды орындай отырып, мешіттердің сыйымдылығын 30 пайыздан асырмау қажет, сонымен қатар адамдар арасындағы арақашықтық 1,5 метр болуы тиіс.

    Қазіргі уақытта белең алып тұрған індеттің әр өңірлерде таралу деңгейінің әртүрлілігіне орай алдағы уақытта әр өңір тұрғындарының денсаулығына жауап беретін жергілікті бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің оң шешімі негізінде жұма намазы оқылады.   

    Құлшылық кезінде мешіттерде жүзеге асатын санитарлық іс-шаралар тәртібі мен ережелерді басшылыққа алуларыңызды сұраймыз.

 

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары