Тілдік нұсқа
Радио

Фото

"Әл-Машани" мешітінде сертификат табысталды
08 маусым, 2020 жыл 337 Басып шығару нұсқасы

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының талабы бойынша мешіт жанындағы асханаларды "Халал Даму" бөлімі арқылы сертификатпен қамтамасыз ету қолға алынған болатын. "Халал Даму" бөлімінің облыстағы өкілі Абдрахманов Ысқақ имамның жүргізіп отырған жүйелі жұмыстарының нәтижесінде Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің асханасына сертификат табысталды. Жалпы мешіттер асханасында күмәнді тағамдардың қойылмауы бұған дейін де  бақылауда болатын. Әсіресе дәстүрлі ұлттық рәсімдерде ет тағамы кеңінен қолданылатын болғандықтан, ас беруішінің тарапынан сойылатын малдың еттері "бисмилләмен" және "халал" стандартына сай орындалуы қосымша қадағалауда болады. Шын мәнінде, қазақ халқы адалдықты ерекше бағалаған. Адал ас, адал дос, адал еңбек, адал перзент секілді қастерлі ұғымдардың бәрі ұлтымыз үшін қасиетті құндылықтар.

 

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары