Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысына қарасты қала, аудан имамдарының жартыжылдық төралқа жиыны өтті
10 маусым, 2020 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлының басшылығымен қала, аудан имамдарына арналған жартыжылдық төралқа жиыны өтті.      Жиын Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Зияткер имам келбеті» тақырыбында оқыған дәрісімен басталды:

«Имамның әр сәті – жауапкершілік.  Өйткені біз Алланың аманатын арқалап жүрген жанбыз. Халықты имандылыққа үндейтін имамның бойында ізгілік құндылықтары үнемі көрініс тауып отыруы тиіс. Өзара ұйымдасып дінге, халыққа қызмет етуде ыждаһат танытып, белсенді болыңыздар. Халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Адамның алғысын алған пенде Алланың да ризалығына бөленеді. Баршаңызды жұртқа жақсылық жасауда өзара жарысуға шақырамын».

Жиында жарты жыл бойы атқарған ұйымдастыру-басқару, діни уағыз-насихат, оқу-ағарту, шариғат және пәтуа бөлімі,түзету мекемесі бойынша, халал өнімдерін стандарттау бөлімі,қайырымдылық және уақып істері, ғаламтормен жұмыс барысы т.б. салалардағы қызметтер талқыға салынды.  ҚМДБ-ның жүктеген алдағы міндеттемелері мен тапсырмалары назарға алынып, атқарылатын шаралар мен жоспарлар құрылды. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, теріс ағымдармен күрес жұмыстарын күшейту, мешіттерді білікті кадрлармен толықтыру, шәкірттерді білімге баулу, діни дәрістерді жүйелеп, сабақ кестелерін бекіту, мешіт құжаттарын реттеу, жамағаттың өзара ынтымағын арттыру, қайырымдылық шаралар өткізіп, қоғамдық орындармен ықпалдастық орнату т.б тәрбиелік жұмыстар жүргізу мәселелері қамтылды. Қала, аудан имамдары да өз ұсыныстарымен бөлісіп, ортақ мәселелер жоспарланды.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары