Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Игі істер өз жалғасын табуда
10 маусым, 2020 жыл 433 Басып шығару нұсқасы

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай, ҚМДБ Орталық аппараты қызметкерлерінің ұсынысымен, Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен 30-жылдық  мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс- шараның жоспары бекітілген болатын. Атап айтқанда,  ғылыми-танымдық кітап шығарып, әл-Фарабидың 1150, абайдың 175, Алтан Орданың 750 жылдығы қарсаңында халықаралық конференциялар өткізу, 30 жылдық мерейтой кезінде  30 жетім  балаға, 30 отбасына  қайырымдылық  көмек  көрсету, 30 елді мекемені ауыз су, жол-көпір мәселесін шешуге ықпал ету, тарихи көрмелер ұйымдастыру, ҚМДБ туралы деректі фильм түсіру  т.б шаралар күн тәртібіне енгізілген. Осы игі істердің бірі  ораза айында  Халық мешіті ұжымының ұйымдастыруымен  Ш. Ералиев, Қызылжар, Түгіскен, М.Мұқажанов  ауылдық округтерінің  мешіттері мен Қанай тілеуханұлы атындағы мешіттің жәрдемдесуімен  манадыр ауылының  өткелі қайта қалпына келтірілді.  Елмен елдің арасын жалғайтын жолдағы өткелдің қалпына келіп, ел игілігін көтеруде.  Осы орайда,  Қарағанды облысының өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы  арнайы келіп, игі істердің бас  қасында жүрген кент әкімшілігінің қызметкерлеріне, қайырымдылық  шарасынан қалыс қалмай көмек қолын созған мешіт имамдарына, жамағатына алғысын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары