Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы ауысты (ФОТО)
16 маусым, 2020 жыл 1474 Басып шығару нұсқасы

Маусым айының 16-күні  Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің имамы болып Хушкелдиев Жанболат Жұматұрұлы тағайындалды.  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа  аталмыш мешітте осыған дейін имам қызметін атқарып келген Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлына атқарған қызметі үшін ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етті. Иығына шапан жапты. Сондай-ақ жаңа имам Жанболат Жұматұрұлына алдағы жұмысына сәттілік тілеп, маңыз бөлуге тиіс бағыттарды атады.  Жанболат Жұматұрұлы 1988 жылы 17 шілдеде Түркістан облысы, Шардара ауданының Қазақстан ауылында дүниеге келген. Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Еңбек жолын 2014 жылы СҚО-ның Қызылжар облыстық орталық мешітінде найб имам қызметінен бастаған. 2016 жылы Қарағанды облысының «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінде теолог қызметін атқарды. 2017 жылы Қарағанды облыстық  «Әнет баба» атындағы мешітінде найб имам қызметінде болды.  2018 жылы Теміртау қаласының орталық мешітінің имамы қызметін атқарған.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары