Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бұлаққа барар жол жасалды
26 маусым, 2020 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ тарапынан Республика көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бекітілген жоспар негізінде, қоғамға пайдалы және сауапты іс-шараларды кеңінен атқару міндеттелген болатын. Осы орайда,  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бұқар жырау ауданы, Ростовка елді мекеніне бір шақырым қашықта орналасқан бұлаққа баратын жолға тас төсетіп, көршілес ауылдардан келетін бұқара халыққа бұлақ суын пайдалануға мол мүмкіндік жасады. Жауын-шашын күндері халықтың су тасымалдауына қиындық туғызып отырған жолдың күрмеуі шешіліп, бұлақ суының басына бетонмен қажетті жұмыстар жасалды. Ростовка ауылының әкімі  Отаншиев Асқар Қожахметұлымен кездесіп, сұхбат құрған бас имам өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, руханият тұрғысында болған ұшырасу барысында ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай атқарылатын игілікті шаралардың мақсаты мен жоспарын түсіндіріп өтті.

         Ия, бұлақ – Жаратқанның құдіретімен жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі.  Су – тіршілік көзі. Ал су анасы – бұлақ. Өмірдің нәрі де, сәні де – су. Бұлаққа жақын Жаңаталап, Қызылжар, Ростовка, Тегісжол ауылдары осы бұлақтан тұтынып отырғандықтан осы су көзін сақтап қалу үшін жасалды бүгінгі шара. Игілікті шараға Қарағанды облысының қала, аудан мешіттері бірлесіп атсалысты.

Алдағы уақытта осындай негізде атқарылатын істер де күнтәртібінен түспейді. Бүгінгі бұлаққа барар ашылған жол мен бұлақ көзі айналаға сұлулық, халыққа нәр, далаға өмір сыйлап ешқашан сарқылмасын!

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары