Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ЖАҢААРҚА МЕН ЖӘЙРЕМ МЕШІТІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДҰҒА ЖАСАП, ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНДЫ (ФОТО)
10 шілде, 2020 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

Ел басына күн туып, жұртымыз үлкен сынаққа кезіккен кезеңдерде бабаларымыз тасаттық жасап, құрбан шалған. Қазір де жер - жаһанға тарап жатқан аты жаман індеттен аман-есен шығуды Жаратқаннан тілеп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде құрбандық шалынып, садақа берілуде.

         Осындай игі іс Жаңаарқа және Жәйрем елдімекенінде  өз жалғасын тапты. ҚМДБ-ның Қарағанды  облысы бойынша өкіл имамы  Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы бастаған мешіт имамдары мен жамағат бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп құрбандыққа бір жылқы, бір сиыр, үш қой шалды, дұға жасап, Жаратқаннан медет тіледі.

Алла Тағала күн санап өршіген жұқпалы індеттің бетін қайтарып, ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымызды, берген қайыр-садақаларымызды, қылған дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Әмин.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары