Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Бала қажы» мешіті мен Нұра ауданында қайырымдылық шарасы жүзеге асты (фото)
25 шілде, 2020 жыл 604 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде орын алып жатқан қайырымдылық шарасы «Бала қажы» мешіті мен Нұра ауданында орын алды.                                                                                                         Балақажы мешітінің ұйымдастыруымен мешіт молласы Керімбеков Исқақ қажы ұрпақтары 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде қаражат жинап, елімізде орын алып жатқан қиын жағдайға баланысты қайырымдылық көмекке жұмсады. Жиналған қаражаттың 400 000 (төрт жүз мың) теңгесіне жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханаға кислород алынды. Сондай-ақ, арнайы ИВЛ апараты алынды. Бір аппараттың құны 170 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж он бір адамға 30 000 теңгеден  ақшалай көмек берілді. Артылған қаражаттың 100 000 теңгесіне  бір ірі қара мал құрбандыққа шалынып, еті әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға таратылды.  

Кезекті қайырымдылық шарасы Нұра ауданында жүзеге асты. Ел іргесінде орын алып жатқан аты жаман індетті аман есен   өткеру үшін Алла Тағалаға барша жамағат болып дұға етті. Құран оқылып, екі ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Еті көмекке мұқтаж елу отбасына теңдей үлестіріліп берілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары