Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шет ауданы, Ақадыр кенті 55 отбасыға жәрдем көрсетті
26 шілде, 2020 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

«Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады».
(«Сәбә» сүресі, 39-аят)

Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі.

Халықтың басына күн туған қысылтаяң уақытта еліміздің әр өңірінде мешіттер мен жамағаты бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, халықтың мұң-мұқтажын жеңілдетуге үлкен үлес қосып келеді. Еліміздің түкіп-түкпіріндегі қалалары мен елді мекендерінде, ауыл-аймақтарда құрбандық шалынып, еті көмекке зәру жандарға таратылып жатыр.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мал – мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер және бәлеге қарсы дұға әзірлеңдер» - деген хадисі көп нәрсені аңғартса керек.  

Осындай кезекті қайырымдылықтың бірі  Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ақадыр кентінде өз жалғасын тапты.  Ауыр індеттен еліміздің аман өтуін тілесіп барша тұрғындар мен мешіт қызметкерлері дұға тіледі. Құран оқылды.  Жылқы малы сойылып, еті  көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріліп берілді. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік бөлінді. 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары