Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы бойынша өкілдігі Құрбан айт мерекесіне орай баспасөз мәслихатын өткізді.
27 шілде, 2020 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігі Құрбан айт мерекесіне орай «Әнет баба» мешітінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәлсихатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды  облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа  жүргізді. Құрбан айт мерекесі Ғұламалар Кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Өткізілген жиында  мешіттердің жабық болуына байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайтыны хабарланды.

Осыған орай Діни басқарма ел мұсылмандарының өтінішін ескере отырып биылғы жылы алғаш рет Құрбан айт қарсаңында халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қашықтан құрбан шалу жобасын қолға алды. Осы мақсатта qurban2020.kz сайтын  толықтай іске қостылды. Ал құрбандық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады. Кез-келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алатынын түсіндіріп өтті облыс бас имамы. Мұндай жоба елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл жүйенің басты ерекшелігі пандемия жағдайына байланысты сойылған ет биыл түгелдей әлеуметтік аз қамтылған жандарға, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.

Діни рәсім жергілікті әкімдік пен санитарлық-дәрігер мамандардың рұқсатымен, тәртіп сақшыларының қадағалауымен карантин талаптарын қатаң түрде сақтай отырып орындалады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары