Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: БҰЛАҚҚА БАРАР ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНДЫ
24 тамыз, 2020 жыл 451 Басып шығару нұсқасы

Республика көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойына орай,   қоғам игілігіне арналған іс-шаралар Қарағанды өңірінде кеңінен атқарылып келеді.       

Табараниден жеткен хадисте: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» - деп айтылған.

Адам  өмірден өтсе де, соңынан барып тұратын сауапты амалдарының бірі – көпір мен жол салу.

 Осы жылдың маусым айында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка елдімекені маңайындағы бұлаққа баратын жолдың жұмыстарына басымдық беріп, бұлақ суының пайдалану орнына қолайлы орын даярлауды жоспарға алған болатын. Бүгінде осы игі іс толықтай аяқталып, бұлаққа жақын орналасқан Жаңаталап, Қызылжар, Ростовка, Тегісжол т.б көршілес елді мекендерден ауыз су тасымалдайтын тұрғындарға теп-тегіс жол төселіп, бұлақ басына бетоннан қоршау құдығы орналастырылды. Осы суды тұтыну үшін Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келетіндер де бар.        Себебі осы бұлақтан шығатын су минералдары Швецарияның жерасты суымен сәйкес екендігін арнайы сараптамада белгілі болып, оң қорытынды берілген. Жергілікті халық та ҚМДБ тарапынан қолдау танытылып отырған күрмеулі жайттардың оңтайлы шешіліп жатқанына дән риза.        Сауабы мол игі шараға облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей, аудан имамы Рустем Акошев қатысты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары