Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
25 тамыз, 2020 жыл 50 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жұмыстары аясында жылдағы үрдіс бойынша еліміздің жер-жерінде «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы өткізіліп келеді.

Бүгін Теміртау орталық мешіті ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожаның тапсырмасымен, Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Қайырымдылық шара аясында еліміздің білім ошақтары қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысуына байланысты көпбалалы отбасылардан шыққан  мектеп жасындағы 65 оқушыға білім алу үшін қажетті барлық құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер сыйға тартылды.

Әрі ғаламтормен байланыс жасап, онлайн білім алуда кәдеге жарайтын арнайы планшет пен қоса алты айға арналған лимитсіз трафигі бар SIM карталар сыйға берілді. Ата-аналар игі шараны ұйымдастырып, қайырлы істің басы-қасында жүрген Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлына және демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға   өз алғыстарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары