Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ:ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТ САЛЫСТЫ (ФОТО)
30 тамыз, 2020 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің төл мерекесі деп саналатын «Ата заң» күні қарсаңында, сондай-ақ, қасиетті мухаррам айында Қарағанды облысы, Жұмабек ауылында игі шара жүзеге асып, мешіттің құрылысына жексенбілік асар өткізілді. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мәдина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы болған. Облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен, игі шараға облыстық «Әнет баба» мешіті және «Балақажы», «Күнгей», «Әл-Машани», «Абай» қалалық мешіттерінің дін қызметкерлері жұмыла ат салысты.                                                                                   Мешіт салу турасында пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады», – деген», – дейді.  Руханият мәйегі болып табылатын мешіттер – халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін, имандылық қағидаттарын жақынырақ танып-білуімізге үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі (фото)

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары