Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда ІV республикалық азаншылар жарысының іріктеу сайысы өтті (ФОТО)
01 қазан, 2020 жыл 518 Басып шығару нұсқасы

Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің бастамасымен діни басқарманың отыз жылдығына орай, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ІV республикалық азаншылар жарысының  іріктеу сайысы болып өтті.

 

Додалы жарысқа қала мешіттерінің әсем әуезді он бір (11) азаншысы қатысып, өзара бақ сынады.

 

Іріктеу сайысына Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы, РАНТ мүшесі, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жанболат Қошкелді, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне қарасты «Олжас Есенұлы» атындағы  діни сауат ашу қайырымдылық орталығының ұстазы Тоқтар Ғабдуллаұлы төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағасын берді.

 

Азан айтудың тәртіп пен әдебін сақтай отырып азан айтқан қатысушылар төрешілер мен көрермендердің құлақ құрышын қандырып, ерекше әсер сыйлай білді.   

  Іріктеу сайысына қатысып, өз бақтарын сынауға келген  азаншыларға  Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы сәттілік тілеп, батасын берді.

 

Сайыс нәтижесінде  ІV республикалық азаншылар жарысының Қарағанды  облысы  бойынша іріктеу сайысында жүлделі І орынды Сәтпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің азаншысы Ахмедиянов Сағындық Мухиденович, ІІ орынды Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Аманжолов Султан Муратұлы, ІІІ орынды Теміртау орталық мешітінің ұстазы Аудабаев Серіжан қанжығасына байлады.

 

Ендігі кезекте жеңімпаз атанған Сағындық Мухиденович Маңғыстауда өтетін ІV республикалық азаншылар жарысында бағын сынайтын болады.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары