Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: Нұра ауданында діни ахуал тұрақты (фото)
01 қазан, 2020 жыл 402 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен  бақылау-басқару жұмыстары бойынша Нұра ауданына арнайы іс-сапармен барды. Қызметтік сапар барысында облыс наиб имамы Нұра ауданына қарасты имамдарына арнайы жиын өткізіп, аймақтың діни ахуалын талқыға салып, мешіттердің тыныс-тіршілігінен хабар алды. Сонымен қатар, аудан әкімі Шалмагамбетов Аян Тиштықұлының қабылдауында болды. Аудан басшысымен кездескен отырыс барысында аймақтың діни ахуалы талқыға салынып, бірнеше мәселелердің шешімін табу мақсатында жоспарлар құрылды. Атап айтқанда екі дін қызметкерінің отбасылық, материялдық жағдайы қарастырылды. Қарағанды облысынан арнайы іс сапармен келген қонақ аудан әкімі Аян Тиыштықұлына облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының атынан қасиетті Құрани Кәрімді сыйға тартып, сәлемін жеткізді. 

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары