Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: ІХ республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысына іріктеу сайысы өтті (фото)
10 қазан, 2020 жыл 245 Басып шығару нұсқасы

 

Абай Құнанбаев: «Алланың өзі де рас,

 сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас»

 

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде ІХ республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысы өтті. Байқаудың алғы сөзін Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Қатысушыларды сынақтан өткізуге «Астана» медресесінің ұстазы Оянған Бердібек, «Олжас Есенұлы» атындағы сауат ашу орталығының ұстазы Асқаров Тоқтар және Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Нұрмұхаммед Махмұтұлы өз әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушыларға Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.

Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді.

 Құран жарысына  қатысушылар толық Құранды жатқа оқудан, Құранның 20 парасын жатқа оқудан, Құранның 10 парасын жатқа оқудан және Құранды мәнерлеп оқу  номинациялары бойынша бақ сынасты.

Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде Құранның 30  парасын жатқа оқу номинациясы  бойынша Майрамбай Әбділмәлік Мұратұлы (100 000 теңге), Құранның 20  парасын жатқа оқу бойынша Сейітқасым Нұртілеу Серікұлы (70 000 теңге), Құранның 10  парасын жатқа оқу бойынша  Есімбек Арсен Саятұлы (50 000 теңге) және Мәнерлеп оқу бойынша Сабырджан Мұхаммед Айыпжанұлы (50 000 теңге) жеңімпаз атанып, Нұр-Сұлтан  қаласында өтетін ІХ республикалық Құран жарысына жолдама алды. Қалған қатысушыларға  ынталадыру мақсатында 5000 теңге көлемінде қаржылай  сыйлықтар үлестірілді.  Байқау соңында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы барша қатысушыларға өзінің ақ тілегі мен батасын беріп, жеңімпаздарға құттықтау лебізі мен алғысын білдірді.  Игі шараны  ұйымдастырып, сайыстың басы-қасында жүріп, жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлесін қосқан облыс наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы сайыскерлерге ізгі тілегін жеткізді.

Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет. Алдағы бас бәйгеде барша сайыскерлерге сәттілік тіледік!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары