Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау орталық мешітінде діни ахуал тұрақты (фото)
15 қазан, 2020 жыл 53 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамы Асылхан Нұртайұлы облысымызға қарасты Теміртау орталық мешітіне ат басын бұрды. Аталған мешіттің имамы Естай Айтуғанұлы облыс наиб имамына  мешіт тынысының, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, таныстырды. Облыс наиб имамы мешітке жасалған құрылыс жұмыстары мен абаттандыру мәселесін және мешіт тазалығын бақылады. Сонымен қатар, мешіт асханасына жасалған күрделі жөндеу жұмыстарын қарады.
Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, Теміртау орталық мешітінде ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына  арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  облыс наиб имамы  Асылхан Нұртайұлы алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.
Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары