Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТЕМІРТАУ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ «ЖЕТІМ КӨРСЕҢ ЖЕБЕЙ ЖҮР» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)
17 қазан, 2020 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

Әрбір балаға мейірім таныту, басынан сипау, махаббатын арнау, олардың тәрбиесіне, өсіп жетілуіне, қалыптасуына тұрақты көңіл бөлу  қасиетті дінімізде әрбір мұсылманның парызы, әрі сауабын арттыратын игі іс болып табылады. Бүгін Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық мешітінің имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен игі шара жүзеге асты. Атап айтқанда Қарағанды обылысы білім басқармасының №8 және сөйлеу қабілеті өте төмен балаларға арналған №5 мектеп интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі балалар Темірау орталық мешітінде арнайы қонақ болды. Берекелі іс-шара барысында жеткіншектерге және ата-аналарына  арнайы мерекелік  дастархан жайылып,  балаларға сыйлықтар үлестірілді.  Мешіт бас имамы Естай Айтуғанұлы мерекелік дастархан басында ата-аналарға өзінің игі тілегі мен ізгі лебізін білдірді. Жеткіншектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс хат табыстап, шара соңында Құран оқылдып, бата берілді.  сауапты һәм берекелі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына дән риза болған ата-аналар алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.
Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары