Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шахтинск қаласында рухани келісім күніне орай семинар болып өтті
17 қазан, 2020 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

Рухани келісім – біздің ұлтымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құр­мет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

Дәл осы мерейлі күннің қарсаңына орай Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қаласының имамы Ибраев Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен семинар болып өтті. Рухани шара «Шахтинск қалалық технологиялық колледжімен» бірлесе отырып жүзеге асты. Игі шараның мақсаты жастардың бойына дінаралық татулық пен рухани бірлестіктегі өзінің бауырларына жәрдем болуға, рухани жандануға баулу.

Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел-халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан. Бұл жөнінде Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз», – деген.

Барша халықты мейірімділікке, игілік, бірлікке үндейтін Рухани келісім күні құтты болсын! Әрбір отбасында тыныштық, береке болсын. Жаратушы Иемізден елімізге береке, бірлік, еңселі ел болуымызды тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары