Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС ИМАМ ҮШТӨБЕ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)
06 қараша, 2020 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Кімде-кім білім алу үшін жолға шықса, Алла Тағла оған пейіш жолын жеңіл қылып қояды" – деп айтқан. Ибн Умар (Алла одан разы болсын) айтады: "Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады" деген.

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылында жаңа медресенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп келеді. Игі істің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы бақылау-басқару жұмыстары бойынша қызметтік іс-сапармен келіп, медресенің құрылысымен танысып, бағасын берді.

Бой көтеріп жатқан төрт қабатты ғимарат 1728 шаршы метрді құрайды. Жүз балаға арналған медреседе асханасы мен спортзалы да қарастырылған. Мұнда шәкірттер шариғат ілімдерімен қатар Құран жаттап, ағылшын және араб тілдерін меңгеретін болады. Сондай-ақ, компьютер үйреніп, қазақтың би-шешендері мен жырауларының еңбектерін оқып, жаттайтын болады. Ислам – ғылымды үйреткен ұстазды да, оны үйренген шәкіртті де құрметтеп сыйлайды. Білім алу барлығымызға парыз. Ендеше елімізде осындай игі құрылыстар көп болып, ілім жолында ізденіске түскен жастарымыздың саны көп болсын дейміз. Алла Тағала білімділердің санын көбейтсін, білім себебіменен елімізге тыншытық, тоқшылық, береке берсін! Ұрпақтарымыздан білімді,салихалы азиз перзенттер нәсіп етсін! Амин.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары