Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы ДЖАНАЕВ УВАЙС ХАВАЖИЕВИЧ ОБЛЫС БАС ИМАМЫН МАРАПАТТАДЫ(ФОТО)
06 қараша, 2020 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбітшілік мекені. Ата-бабамыз өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт адамдарын сыртқа тепкен емес. Керісінше Құдай дарытқан бауырмалдық қасиеттерінің нәтижесінде кең құшақ ашып туыс болып сіңісіп кеткен. Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған. Барлығы басқа салған қиын тағдырдың қасіретін бірге арқалай білген. Соның арқасында бүгінгі тәуелсіз күнге жеттік. Сол бір кездегі осы қарапайым қалықтың қоғам арасындағы татулығының жемісі, бүгінгі күні бақытты күн кешудеміз. Осыдан тура 25 жыл бұрын, яғни 1995 жылы «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы құрылған болатын. Аталмыш қауымдастықтың құрамына Қазақстанның барлық аумағында шешендер мен ингуштардың ұлттық-мәдени бірлестіктері кіреді. Аймағымызда этносаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайту мақсатында аталмыш ұйыммен бірлесіп көптеген іс-шарала мен жобалар жүзеге асырлды. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігімен бірлесе отыра игі бастамаларды ұйымдастырып, тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Осы орайда, ұйымның 25 жылдығына орай  Қарағанды ​​облысы халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы ДЖАНАЕВ УВАЙС ХАВАЖИЕВИЧ арнайы облыстық «Әнет баба» мешітіне ат басын бұрып, ҚМДБ-ның Қарағанд облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды. Кездесу барысында облыс бас имамына арнайы  келген ұйым басшысы  бірлесіп атқарған берекелі қызметі үшін төсбелгі тағып, алғысын білдіріп, құрметін көрсетті.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары